23
январь
2020
"Ә" дыбысы мен әріпі
23 қаңтар күні 1 а-сыныбында Дүйсенбекова Айнагүл апайдың Сауат ашу пәнінен "Ә" дыбысы мен әріпі тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында жеке,топтық жұмыстар жүргізіліп,әр тапсырма сайын мұғалім тарапынан бағалау үздіксіз жүріп отырды.Интербелсенді тақтада көрсетілген тақырыптық слайдтар өте керемет жасалып, оқушылар пәндік білімі мен ой-өрісін даму бағытында жақсы нәтиже берді. Оқушылар тақтаға сөйлемдерді қатесіз жаза біліп,берілген сұрақтарға да дұрыс жауап берді.